Биткоин құны 2020 жылы алғаш рет 12000 доллардан асып түсті. Соңғы мәрте мұндай көрсеткіш 2019 жылы тіркелген. Бірақ қазір ол 12%-ға арзандаған. Сарапшылардың айтуынша, мұндай құбылмалылыққа биржадағы позициялардың жойылуы себеп болып отыр.
Ескере кететін жайт, мамыр айынан бері бұл валюта екі есе қымбаттаған. 9 мамырда криптовалютаның бағасы 6 мың доллардан сәл көтерілген. Нарықтағылар майнерлердің биткоинды ұсынуы азайып, инвесторлардың қызығушылығы, керісінше, артқан.
Fundstrat Global Advisors сарапшыларының сөзінше, алдағы уақытта биткоин бағасы тағы да өседі. Тіпті 13000 долларға дейін жетуі мүмкін.
Табиғат Нұрболат
Фото: forbes.com
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу