Әлемдегі ең танымал криптовалюта саналатын биткоин құны арзандады. Бұл туралы Coindesk басылымы хабарлады.
Оның бағасы алдымен шамамен 11%-ға төмендеп, 35 мың долларға дейін түскен еді. Кейін 37 мың долларға дейін көтерілді.
8 қаңтарда бұл криптовалюта рекордтық деңгейге жетіп, яғни 41 мың долларға саудаланған болатын.
Желтоқсан айында 19 млн биткоиннің шығарылғаны жарияланды. Сарапшылар 2021 жылы олардың саны 21 миллионға дейін жетеді деген пікірде. Сондай-ақ олар сұраныс артынан, салдарынан валюта қымбаттайды деп отыр.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу