Биткоин құны 17 пайызға арзандап, 46,9 мың доллар болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Binance деп аталатын криптовалюталық сауда-саттық биржасының мәліметіне сілтеме жасап. Сәуір айының соңында оның бағасы 7,3 пайызға өсіп, бір бірлігі 52 770 долларға саудаланған болатын.
4 мамырда биткоиннің негізгі бәсекелесі саналатын Ethereum-ның бағасы рекордтық деңгейге жеткен еді. Сол кезде оның бір бірлігінің құны 3328,9 долларға дейін қымбаттады.
Жылдың басында Илон Маск биткоин нарығын оңалтты. Ақпан айында Tesla компаниясы бұл криптовалютаға 1,5 миллиард доллар көлемінде инвестиция құятынын хабарлады. Сәуір айының соңында компания инвестицияның арқасында 100 миллион доллардан астам пайда тапқаны жарияланды. Кейінірек Tesla америкалық тұтынушыларына электромобиль сатып алу барысында биткоинмен төлем жүргізуге рұқсат берді.
Табиғат Нұрболат