АҚШ-тың президенттік сайлауы қарсаңында биткоин бағасы жаңа тарихи максимумға жетіп, 74 мың доллардан жоғары көтерілді. Бұған Binance биржасындағы сауда деректері дәлел, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сайттың мәліметінше, криптовалюта 9%-дан астам қымбаттады. Астана уақыты бойынша 08:12-де биткоиннің бағасы 74 367 долларды құрады.
Бұған дейін қаржы сарапшысы Сергей Михеев республикашыл кандидат Дональд Трамптың АҚШ сайлауындағы жеңісі биткоин бағамының күрт өсуіне себеп болуы мүмкін екенін мойындады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу