banner

Биткоин бағасы рекордтық деңгейге жетті

820

Қазір оның бағасы 35,7 мың доллар. 

Биткоин бағасы рекордтық деңгейге жетті

Сауда қорытындысы бойынша биткоин бағасы 5%-ға өсіп, 35,7 мың доллар болды. Бұл криптовалюта нарығындағы рекордтық көрсеткіш.

Биткоин – блокчейн технологиясы негізіндегі криптовалютаның орталықсыздандырылған жүйесі. Оны жүйенің мүшесі болып табылатын әр пайдаланушы шығара алады. Ол үшін бар болғаны есептеу құрылғысының көмегімен жүйенің жаңа блоктарын жасау керек.

Жүйенің тұжырымдамасы 2008 жылдың қарашасында жарияланған еді. Бірақ биткоин соңғы жылдары ғана танымал бола бастады. Бұл криптовалютаның шығарылымы шектеулі, қазір олардың басым бөлігі өндірілген.

Табиғат Нұрболат

Фото: lenta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу