Сейсенбіде биткоин бағасы сауда деректеріне сәйкес 93 500 доллардан жоғары жаңа рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көлемі бойынша ең ірі криптовалюта биржасы Binance-те биткоин бағасы бір тәулікте 2,82%-ға өсіп, $93 699-ға жеткен, бұл жаңа рекорд болды.
20-дан астам биржаның орташа бағасын есептейтін CoinMarketCap порталының мәліметі бойынша, биткоин бағасы 2,84%-ға өсті — орташа есеппен $93 739.
Бұған дейін Financial Times басылымы Дональд Трамптың Trump Media & Technology Group корпорациясы Bakkt криптовалюта платформасын сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Сарапшылардың пікірінше, жаңалық биткоин құнының өсуін қолдайды.
— Криптовалюта қайта әркетке көшті. Trump Media-ның Bakkt-ті сатып алуы тағы бір жағымды жаңалық болды, — дейді Pepperstone зерттеу бөлімінің директоры Крис Уэстон.