Биткоин бағасы 12817,17 долларға дейін жетті. Бұған Paypal төлем сервисінің тұтынушыларға криптовалютаны қолдануға рұқсат беру туралы шешімі түрткі болды. Бұл – 2019 жылдың шілдесінен бергі ең жоғарғы көрсеткіш.
Ресми дерек бойынша, соңғы аптада биткоин 11%-ға қымбаттаған.
Paypal сервисінің тұтынушылары енді биткоинді саудалай алады. Ал ондағы 26 миллион сатушы криптовалютаны төлем ретінде қабылдайтын болды.
Business Insider басылымының хабарлауынша, соңғы кездері бірқатар компания биткоинге қызығушылық танытып жүр. Мысалы, Twiter-ге тиесілі Square төлем сервисі 8 қазанда 50 млн долларға 4709 биткоин сатып алған болатын. Fidelity деп аталатын ірі инвестициялық компания биткоиндерге инвестиция құюға бағытталған қор құрды.
Табиғат Нұрболат
Фото: delo.ua