Ең танымал криптовалюта саналатын биткоиннің бағасы тағы да рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы CoinDesk басылымына сілтеме жасап.
Ресми дерек бойынша, криптовалюта құны 58 мың долларға дейін қымбаттаған. Еске сала кетсек, 20 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша биткоин бағасы 57 мың долларға дейін өскен еді.
Соңғы уақытта қалыптасқан мұндай динамикаға Tesla компаниясының 1,5 млрд долларға биткоин сатып алуы себеп болып отыр. Сарапшылардың ойынша, жақын арада криптоваюта 20%-ға қымбаттауы мүмкін. Жалпы, биткоин бағасы биыл 470%-ға өскен. Бұл ең жоғары көрсеткіш. Одан кейінгі орындарда алтын мен компания акциялары тұр.
Табиғат Нұрболат
Фото: profinance.ru