Биткоин бағасы тағы да рекордтық көрсеткішке жетті

949

14 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша биткоин 2,95%-ға қымбаттап, 49 265 долларға жеткен еді. 

Биткоин бағасы тағы да рекордтық көрсеткішке жетті

Ең танымал криптовалюта саналатын биткоиннің бағасы тағы да рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz CoinDesk басылымына сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, криптовалюта құны 52,5 мың долларға дейін қымбаттаған. Қазір ол осы шамада саудаланып жатыр.

Еске сала кетсек, 14 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша биткоин 2,95%-ға қымбаттап, 49 265 долларға жеткен еді.

Мұндай динамикаға Tesla компаниясының биткоин криптовалютасына 1,5 млрд доллар көлемінде инвестиция құюы себеп болды. Корпорация өкілдерінің айтуынша, жақын арада өнімдерді сату барысында биткоинді қабылдай бастайды.Ескере кететін жайт, соңғы уақытта биткоинмен қатар басқа да криптовалюталардың бағасы көтерілуде.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу