Биткоин бағасы жыл басынан бері 106 мың доллардан асты

112

Биткоин бағасы рекордтық деңгейге жетті.  

Биткоин бағасы жыл басынан бері 106 мың доллардан асты Фото: indianexpress.com

Жыл басынан бері алғаш рет оның құны 106 мың доллардан асты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сарапшылар бұл өсімді инвесторлардың Дональд Трамп әкімшілігіне сенім артуымен байланыстырады. Таяуда АҚШ президенті Таяу Шығысқа сапарынан кейін екі триллион доллар көлемінде инвестиция тартқанын хабарлады. Оның сөзінше, қомақты қаражат жаңа жұмыс орындарын құру, технологияны дамыту және экономиканың ұзақ мерзімді өсуін қамтамасыз етуге жұмсалады. Мұнан бөлек, АҚШ конгресінде дәстүрлі қаржы жүйесіне криптовалютаны енгізу туралы заң жобасының қаралуы да цифрлық валютаның өсіміне әсер етті.

Indian Express басылымының хабарлауынша, бұған қатысты АҚШ парламентінде дауыс беру процесі осы аптада өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу