Бір тәулік ішінде криптовалюта құны 3,5%-дан көп өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Binance криптобиржасының мәліметіне сенсек, 16 желтоқсанға қараған түні Мәскеу уақытымен сағат 03:40-та бағам бірлік үшін 106,6 мың долларға жеткен. Десе де, сағат 04:22-ге таман 105,4 мың долларға дейін төмендеген. Яғни, бір тәулік ішінде криптовалюта құны 3,5%-дан көп өсіп отыр.
Биткоинның өсуі АҚШ президентінің сайлау күнімен қатар келді. Ол кезде баға $68 мың болды, содан бері криптовалюта өзінің тарихи максимумдарын бірнеше рет жаңартқаны белгілі.
TradingView мәліметінше, соңғы 24 сағатта криптовалюталардың жалпы капитализациясы 0,69%-ға өсіп, 3,641 трлн долларға жеткен. Биткоин 2,08 трлн долларды немесе жалпы нарық құнының 57%-дан сәл астамын құрап отыр.
Биткоин бағасының өсуі басқа жетекші криптовалюталардың өсуіне себеп болып отыр. Мысалы, Ethereum 1,15%-ға қымбаттаған, оның құны бір бірлік үшін 4 мың долларға жеткен.
Сарапшылар нарықтың динамикасын инвесторлардың артып жатқан қызығушылығымен және инвестициялық құрал ретінде криптовалюталардың тартымдылығын арттыратын макроэкономикалық факторлармен байланыстырып отыр.