Биткоин бүгін 13 мың долларға бір-ақ қарғыды

1183

Биткоин бүгін 13 мың долларға бір-ақ қарғыды

Биткоин бағамы 13,1 мың долларға дейін өсті. Осылайша бұл криптовалюта 9 жылдық тарихындағы рекордтық көрсеткішін жаңартты. Бұл туралы мәлімет Coinmarketcap криптовалюта алаңынан алынды, деп хабарлайды  Life.

Coinmarketcap мәліметі бойынша, кеше ғана 12 мың долларға сатылған болатын. Ал бүгін 1000 долларға бір-ақ қарғыған.

Мамандар танымал криптовалюта құнының өсуі инвесторлар тарапынан қызығушылықтың артуымен байланысты екенін айтады. Тіпті алдағы жылдың аяғына дейін биткоинның нарқы 20 мың долларға дейін жетуі мүмкін. Сарапшылар болжамы осыған саяды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу