Биткоин криптовалютасының бағамы Binance биржасында 8,6%-ға қымбаттап, 18 мың доллардан асты. Бұл туралы Coinmarketcap басылымы хабарлады. Яғни бұл соңғы үш жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Ескере кететін жайт, биткоин бағасы АҚШ-та өткен сайлаудан кейін өсе бастады. Мысалы, 17 қарашада криптовалюта құны 17 мың доллардан көтерілген болатын.
Биткоиннің ең жоғарғы бағасы 2017 жылдың желтоқсанында тіркелген еді. Ол кезде бұл валюта түрі шамамен 19 мың долларға саудаланды.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу