29 қазан күні биткоин бағамы 71 мың доллардан асты. Бұл туралы Binance биржасындағы сауда-саттық деректерінде көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты www.gazeta.ru порталына сілтеме жасап.
Түсте биткоин құны 71 105,48 долларға жетіп, 4,91%-ға артты.
29 қазан күні таңертең басқа криптовалюта түрлері де өсім көрсетті. Ethereum бағамы 2619,70 долларға тең болса (+5,49%), Solana 180,45 долларды (+4,06%), Dogecoin 0,164 долларды (+15,39%) құрады.
Криптосарапшы Наталья Вдовина 10 жыл ішінде биткоин бірлігі үшін 1 миллион долларға дейін қымбаттауы мүмкін деп топшылайды. Криптовалютаның одан әрі бағамына АҚШ пен Қытайдың орталық банктерінің іс-қимылы ықпал ететін болады. Сарапшылар биткоинге салынатын инвестиция ұзақ мерзімдік перспективада жұмыс істейтінін айтады.