Биткоин тағы да рекорд жаңартты

97

Әлемдегі ең ірі криптовалюта – биткоин құны 111 мың доллардан асып түсті.    

Биткоин тағы да рекорд жаңартты Фото: marketsmedia.com

Бұл – жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Осылайша BTC бір айдың ішінде 46%-ға күшейді. Мамыр айында бірнеше рет құлдыраған криптовалютаның қайта шарықтауына жаһандық геосаяси ахуалдың біршама тұрақталуы түрткі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ең басты себеп – АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісінің бәсеңдеуі. Одан бөлек, қарызға қатысты Америка рейтингінің төмендеуі, елдегі инфляцияның азаюы цифрлық валютаға ықпал еткен.

Сарапшылардың пайымынша, ашық компаниялар иелігіндегі биткоин көлемі 31 пайызға өсіп, 349 млрд долларға жеткен. Ал оның бағасы жыл басынан бері 11,5 пайызға көтерілген. Алдағы уақытта, биткоин құны тағы да шарықтауы мүмкін. Себебі, қазір АҚШ криптовалютаны дәстүрлі қаржы жүйесіне енгізу туралы заң жобасын қарастырып жатыр.

Қазақстанда Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков мемлекеттік криптоактив резервін құру керек туралы бастама көтерді

Chainalysis компаниясының деректері бойынша, 2023 жылы Қазақстандағы криптоайналымның 86,2%-ы немесе 4,1 млрд АҚШ долларынан 3,5 млрд доллары заңсыз сегмент арқылы өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу