Биткоин тарихи рекорд жаңартты

263

Бұған АҚШ акцияларының өсуі мен биткоин-ETF қорларына қаржының көптеп құйылуы себеп болып отыр.

Биткоин тарихи рекорд жаңартты Фото: crypto.com

Биткоин құны тарихи максимумды жаңартып, 125 мың доллардан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биткоиннің алдыңғы рекордтық бағасы тамыз айының ортасында 124 480 доллар болып тіркелген. Ол кезде биткоин бағасының өсуіне екі негізгі фактор әсер етті. Біріншісі – Трамп әкімшілігінің цифрлық активтерге қатысты қатаң емес, жеңіл көзқарасы. Екіншісі – ірі инвесторлардың белсенді қызығушылығы.

Жұма күні биткоин бағасы қатарынан сегізінші күн өсіп отыр. Бұған АҚШ акцияларының өсуі мен биткоин-ETF қорларына қаржының көптеп құйылуы себеп болды. Сол уақытта АҚШ доллары да әлсірей бастады. Ол негізгі әлемдік валюталарға қарағанда бірнеше аптадағы ең төменгі деңгейге түсті.

АҚШ үкіметі уақытша жұмысын тоқтатуы мүмкін деген қауіп пайда болды. Соның салдарынан елде белгісіздік күшейіп, бірнеше маңызды экономикалық деректер кейінірек жарияланатын болды. Айта кетейік, АҚШ-та президент сайлауы өтпей тұрып, биткоиннің ең жоғарғы бағасы 70 184 доллар болған. Бұл – шамамен 34 миллион теңге. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу