Биткоинді бірінші болып мойындаған ел криптовалюта сатып ала бастады

582

Сальвадор –биткоинді ресми төлем құралы ретінде таныған алғашқы ел. 

Биткоинді бірінші болып мойындаған ел криптовалюта сатып ала бастады Фото: reuters.com

Биткоинді заңды төлем құралы ретінде алғаш болып бекіткен Сальвадор криптовалютаны сатып ала бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ел президентінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Сальвадор өзінің алғашқы 200 биткоинін сатып алды. Кейін брокерлер осы процесті жалғастырады", – деді ол.

Сальвадордың бұл қадамын қолдау мақсатымен Twitter және Reddit қолданушылары биткоиндерді сатып ала бастады. Нәтижесінде ең танымал криптовалютаның бағасы өсті. CoinMarketCap мәліметі бойынша, 7 қыркүйекте биткоиннің құны 52 мың доллардан асты.

Сальвадор – биткоинді ресми төлем құралы ретінде таныған алғашқы ел. Осы орайда ел үкіметі 150 миллион долларлық қор құрды. Сальвадорлықтар бұл қордан электронды әмиянға биткоинді (бағасы –30 доллар) аудара алады.

Бірақ Дүниежүзілік Банк биткоинді таратуға атсалысудан бас тартты. Бұл Сальвадор үшін үлкен мәселеге айналды. Халықаралық валюта қоры болса, Сальвадордың биткоинге көшуі салдарынан  "макроэкономикалық, қаржылық және құқықтық проблемаларға" тап болғанын мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу