Биткойн бағамы $10 мыңнан асты

881

Coindesk биржасының мәліметіне сүйенсек, өсім 3,2 пайызға тең болған.

Биткойн бағамы $10 мыңнан асты

Өткен жылдың қазан айынан бері өсім көрсетпеген биткоинның бағамы биыл алғаш рет 10 мың доллардан асты, деп хабарлайды Atameken Business.

Дәл қазір көрсеткіш – 10 мың 84 долларға жетті.

Цифрлық валюта 2017 жылдың желтоқсанында ең максималды көрсеткішке жетіп, 20 мың долларға бағаланған еді.

Coindesk биржасының мәліметіне сүйенсек, өсім 3,2 пайызға тең болған.

Блокчейн технологиясының негізіндегі валютаға деген сұраныс соңғы жылдары ғана көтерілді. Дегенмен оның эмиссиясы шектеулі.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу