Биткойн бағасы 10 мың доллардан асты

1010

Биткойн бағасы 10 мың доллардан асты

Биткойн бағасы 9 жылдық тарихында алғаш рет 10 мың доллар болып, рекордтық көрсеткішке жетті. Осыдан екі күн бұрын ғана криптовалюта бағасы 9 мың доллар межесінен асқан болатын, деп хабарлайды Интерфакс. 

Қазіргі уақытта аталған криптовалютаның капитализациясы 149 млрд доллардан асып кеткен. Coindesk.com мәліметі бойынша биткойнның бүгінгі нақты бағасы - $10,446 мың.

Қаржы саласы мамандары жыл соңына дейін биткойн 10 мың долларға дейін шарықтайды деп болжаған еді. Бірақ оның өсу жылдамдығы болжағаннан да асып түсті.

Fortress хедж қорының бұрынғы басқарушысы Майкла Новогратцтың пікірінше, 2018 жылдың аяғына дейін биткойн бағасы 40 мың долларға дейін шарықтап кетуі ғажап емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу