Битокин 5,2 мың долларға дейін арзандауы мүмкін

771

Криптонарықта биткоин бағамы бір тәулікте 0,08% - ға төмендеп, 5229 долларды құрады. 

Битокин 5,2 мың долларға дейін арзандауы мүмкін

Facebook әлеуметтік желісі бірнеше фиаттық валюталар қолдайтын өзінің жеке сандық валютасын жарыққа шығармақ, деп хабарлайды Forex Club.

Бұл жақсы жаңалыққа қарамастан Libertex мәліметтері бойынша, криптонарықта биткоин бағамы бір тәулікте 0,08% - ға төмендеп, 5229 долларды құрады. Ethereum осы уақытқа дейін 0,51 пайызға, яғни 177,4 долларға дейін арзандады, капитализациясы 18,7 млрд долларға тең. XRP бағасы бір тәулікте 0,29%-ға төмендеп, 14,7 млрд доллар капиталдандырумен 0,349 долларды құрады. Litecoin 1,14%-ға, яғни 86,6 долларға дейін арзандады, оның капитализациясы 5,3 млрд долларға жетті.

Криптонарықтың жалпы капиталы 179,9 млрд долларды құрады.

Қаржылық скауттардың пікірінше, криптовалюта қазір қайта сатып алулар кезеңінде, осыған байланысты битокин жақын арада 5200 долларға дейін, Ethereum – 176 долларға дейін, XRP – 0,34 долларға дейін, Litecoin – 85 долларға дейін арзандауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу