Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысына айтты.
"Ірі жобалардың басталуы, жол-құрылыс материалдарының өндірісін ұлғайтуды, сондай-ақ құрылыс техникалары мен қосымша инженерлік қызметкерлерді қажет етеді. Сондықтан, жол битумының тапшылығын болдырмау үшін цементбетон жолдарға көшу және битумды импорттау бойынша шаралар қабылдануда. Инертті материалдардың жаңа карьерлері зерттеліп, темірбетон бұйымдарының өндірісін арттыру көзделіп отыр. Келісімшарттарда мердігерлердің жеке жол-құрылыс техникасы паркінің болуы бойынша нақты талаптар қойылды", – деді министр.
Мамандарды даярлауға келетін болсақ, бұл бағытта кәсіби сертификаттауды енгізу қолға алынды.
Жаңа жобаларды іске асыру кезіндегі маңызды мәселелердің бірі, жер ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
"Бүгінгі таңда жобаларды жермен қамтамасыз ету барысында бірқатар қиыншылықтар туындауда.
Әсіресе, жеке меншіктен жерді қайтару рәсімдері 1 жылдан 3 жылға дейін созылуда. Сондықтан, әкімдіктер қазірден бастап жаңа жобаларға керекті жерлерді резервке қойып, оларды жеке меншікке беруге тыйым салуы қажет.
Сонымен қатар, қолданыстағы механизм бойынша карьерлерді рәсімдеу мерзімі 1 жылға дейін созылып, жобаларды уақтылы іске асыруға кері әсерін тигізуде", – деді спикер.
Осы орайда, карьерлерді рәсімдеу міндеттерін жобалау институттарына жүктеу пысықталуда.