Битум тапшылығы жойылды

923

Битум тапшылығы жойылды

Шығыс Қазақстанға битум жеткізіліп, облыстағы барлық жолдарда жөндеу жұмыстары қайта жанданды. Ал бір ай бұрын осы битумның тапшылығынан жоспарланған шаруаның бәрі тоқтап қалған еді. Жол жөндеу үшін аса қажет матариалдың дефициті туралы кәсіпкерлер алдымен мәжіліс депутаттарына шағымданған. Одан кейін еліміздің премьер-министріне де хат жазып жіберген еді. Онда битумды көрші Ресейден сатып алуға олардың тарапынан еңгізілген шектеулер тежеу болғаны жазылған. Ал отандық өнім аймақтағы компанияларға жетпей қалған көрінеді. Құзырлы мекеме өкілдерінің мәліметінше, осы сұрақ бойынша Астанада арнайы кеңес өткізілген. Барлық тараптардың басы қосылғанда мәселе шешімін тапқан көрінеді. Дефициттың себебін биылғы жұмыс көлемінің көптігімен түсіндіріп отыр.

Айта кету керек, осы жылы облыста жолдарды жөндеу үшін барлығы 47 миллиард теңге бөлінген.

Әсет Сұлтанов, облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары: "ШҚО-ның жол құрылыс ұйымдарына керекті битум көлемі бекітілді. Бүгінде бұл сұрақ толығымен шешілді. Қазір битум келіп жатыр, жұмыстар қайтадан жанданды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу