Битумды экспорттауға уақытша тыйым салу қарастырылып жатыр

987

Бұл туралы индустирия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайрбек Өскенбаев айтты. 

Битумды экспорттауға уақытша тыйым салу қарастырылып жатыр

Құрылыс маусымы қызған кезде тапшылық болмас үшін Қазақстанда битумды экспорттауға уақытша тыйым салу  қарастырылып жатыр, деп мәлім етті индустирия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайрбек Өскенбаев. 

"890 мың тонна битум өндіреміз, ал қажеттілік 770 мың тонна. Егер битумға экспортқа шығарылатын болса, онда әрине біз үшін қиындық туатытыны, оны сырттан салып керек болатыны сөзсіз. Сондықтан осындай ұсыныс жасалып отыр", –  деді Қайырбек Өскенбаев журналистерге.

Вице-министр мемлекет басшысының көлік жолдарын салу мен жөндеу және қайта құруға қатысты берген тапсырмасына орай 5 мың шақырымға жуық жолды реттеу жоспарланып отырғанын айтты.       

"Бізге қалай болғанда да битум керек екені түсінікті. Жөндеу жұмыстарына аса қажет. Бұл ұсынысты әзірге үкіметке ұсынған жоқпыз. Өзіміздің ішімізде талқылап жатырмыз. Аталған материал экспортқа шығарылған жағдайда қайдан алуға болатынын да қарастырып жатырмыз. Бірақ та нарықтық шараларды қолдану тиімді екені рас", – деп қорытындылады Қайырбек Өскенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу