Биыл "102" нөміріне 3,2 миллион қоңырау келіп түскен

2077

Соның ішінде 40%-ы ғана полиция жұмысына қатысты болыпты. 

Биыл "102" нөміріне 3,2 миллион қоңырау келіп түскен

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов "102" нөміріне байланыса алмай, шағымданған азаматтардың арызына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"102" нөміріне байланыса алмауға қатысты шынында да бізге біршама арыз-шағымдар түсіп жатыр. Біз талдау жұмыстарын жүргізіп, мәселені зерттедік. Шынында да, ол мәселеге бірнеше фактор себеп болып отыр. Біріншіден, бұл біздің ұялы байланыс операторларының жұмысына байланысты. Мәселе мынада: Мәселен "Алтел" арқылы азамат "102" нөмірін терген кезде бірден қазақ және орыс тілінде автожауап беру қосылады. Осыдан кейін ғана байланысқа шығады. Ал "Теле2" немесе Кселл секілді байланыс операторлары бұл қоңырауларды 112-ге лақтырып отырған. Осыдан кейін ғана 102-ге қоңырау келген. Біз бұл мәселені талдадық, олқылықтарды ұялы телефон операторлары мойындады. Қазіргі таңда олар бұл кемшіліктердің бәрін жойды. Қазір 102 операторына 6 секунд ішінде қосады", - деді Қалмұханбет Қасымов.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері 8 айдың ішінде "102" нөміріне 3,2 млн қоңырау келіп түскен.

"Ал бізде барлығы 220 оператор тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Жүктеме көп болған соң олардың мүмкіндіктері жете бермейді. Алматыда бар-жоғы 24 оператор, Астанада - 26 оператор бар. Бүгінгі таңда олардың санын арттырып, 12 сағаттық жұмыс күніне ауыстырып жатырмыз. 3,2 млн қоңыраудың ішінде 40% ғана полиция жұмысына қатысты болады, қалғандары - ТҮКШ-ке байланысты, мысалы сумен жабдықтау туралы сұрайтындар баршылық. Алматыда бір азамат операторға 3 мың рет хабарласып, үнемі тұрғын үйіне қатысты және басқа да сұрақтармен шағымдана берген жағдай кезікті", - деді Қалмұханбет Қасымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу