Биыл "Алтын белгіге" 6300 оқушы үміткер

801

Биыл "Алтын белгіге" 6300 оқушы үміткер

Биыл Қазақстан бойынша 136 мың түлек оқуларын аяқтайды. "Алтын белгі" белгісіне 6300 оқушы үміткер болып отыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" .

ҚР Білім және ғылым министрлігінің агенттік жолдаған сауалына берген жауабында қазақ тілінде білім алған мектеп бітірушілер саны 90 800 болса, орыс тілділер - 39 300, өзге тілдерде - 6100 адам білім алады. Түлектер саны ең көп аймаққа Оңтүстік Қазақстан облысы (34 200), Алматы облысы (14 700) және Алматы қаласы (10 мыңнан астам) кіреді. Облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы білім басқармаларының ақпаратына сүйенсек, биыл республикалық мектептерде "Алтын белгі"-ге үміткер  6280 бітіруші бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу