Биыл 1,4 млн тонна бензин өндірілді.

695

Жыл соңына дейін әлемдік сұраныс біртіндеп өседі. 

Биыл 1,4 млн тонна бензин өндірілді.

Дизель отынын өндіру көлемі 1,4 млн тонна, әуе керосинінің көлемі 151 мың тонна болды. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында жариялады.

"Пандемия салдарынан жанар-жағармай материалдарын тұтыну көлемі азайып отыр. Осы жылдың алғашқы төрт айында тұтыну көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 91% болды. Сәуір айында небәрі 222 мың тонна ЖЖМ пайдаланылған. Бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 30%-ға аз", — деді энергетика министрі.

Вице-министрі мұнай өнімдерінің қорына да тоқталды. Оның сөзінше, АИ-92 жанармайының 379 мың тоннасы қалған. Бұл 44 күнге жететін қор. Қазір дизель отынының 356 мың тоннасы бар: шамамен 34 күн тұтынуға болады. 

Сонымен қатар Мағауов ОПЕК+ ұйымының әлемдік сұранысқа қатысты мәліметтермен бөлісті. Екінші тоқсандағы бір күндік сұраныс 81,3 млн баррель болады дегенді айтты. Ал үшінші тоқсанда бұл көрсеткіш өсіп, 92 млн баррельге, жыл соңында 96 млн баррельге дейін өседі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу