Биыл 1,5 мың әскери міндеттілер әскери жиындарға шақырылады

707

"Әскери міндеттілерді 2020 жылы әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрық жобасы әзірленді.

Биыл 1,5 мың әскери міндеттілер әскери жиындарға шақырылады

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1) тармақшасындағы талаптарға сәйкес Қорғаныс министрінің "әскери міндеттілерді 2020 жылы әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрығының жобасы әзірленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған бұйрыққа сәйкес 2020 жылы әскери жиындарға 1500 әскери міндеттілер шақырылмақ.

Бұйрық жобасымен танысу үшін gov.kz сілтемесі арқылы өту керек.

Айта кетсек, әскери жиындар – бұл әскери міндеттілер мен азаматтардың әскери даярлық бойынша білім алуы мен оны жетілдіруі мақсатында, сондай-ақ ҚР заңдарында көзделген өзге де жағдайларда әскери басқару органдары, уәкілетті мемлекеттік органдармен өткізетін іс-шаралары. Олар жиі түрде, жылына бірнеше рет өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу