Биыл 1 қыркүйекте Алматы мектерінде алғашқы қоңырау соғылмайды

217

1 қыркүйекте балалар демалады.

Биыл 1 қыркүйекте Алматы мектерінде алғашқы қоңырау соғылмайды Фото: ernur.kz

Алматы қаласының мектептерінде алғашқы қоңырау демалыс күніне байланысты 2 қыркүйек өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Алматы қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай ӨКҚ өткен брифингте айтты.

"Білім басқармасымен келісілгендей, 1 қыркүйек – демалыс күні, ал 2 қыркүйекте таңертең салтанатты жиын болады. Дәстүр бойынша бірінші сынып оқушыларына алғашқы қоңырау соғылады. Жиын ұзаққа созылмайды, барлық мектепте шамамен 10-15 минут өтеді", – деді Сайлаубай. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу