1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі

237

Осылайша бакалавриат үшін стипендияның өлшемі – 52 372 теңге, магистратурада – 117 098 теңге, докторанттар үшін 262 500 теңге болады. 

1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі Фото: pexel

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Соңғы 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есеге өсті. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді. Биыл 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының өлшемі өседі. Бакалавриат үшін стипендияның өлшемі – 52 372 теңге, магистратурада – 117 098 теңге, докторанттар үшін 262 500 теңге болады. Яғни, осы жылы бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады", - деді вице-министр. 

Сөзінше, жатақханалардағы орын тапшылығы 2019 жылы 82 500-ден 2024 жылы 14 873-ке дейін азайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаларда орын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті формат бойынша ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу