2020 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жұмыспен қамтылған 8,8 миллион адам тіркелді. Ranking.kz басылымының дерегіне сүйенсек, бұл былтырғы көрсеткіштен 0,7%-ға артық. Жұмыссыздардың саны – 442,4 мың. Ескере кететін жайт, еліміздегі жұмыссыздық деңгейі (4,8%) Экономикалық серіктестік пен даму ұйымындағы (5,2%) елдердегіден, сонымен қатар Канада (5,7%), Франция (8,5%), Дания (5,1%), Италия (10%), Швеция (6,8%) сияқты мемлекеттердегіден төмен.
2019 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 449 мың адам жұмысқа орналасқан. Оның 85%-ы яғни 383 мыңы тұрақты қызметке ие болды.
Биыл наурыз және сәуір айларында Қазақстанда карантин шараларының енгізілуіне байланысты 4,2 адам уақытша жұмыссыз қалды. Дағдарыс кесірінен жылдың соңында жұмыссыздық деңгейі 6,1%-ға дейін өсуі мүмкін. Осы орайда үкімет тиісті шаралар қабылдап жатыр. Соның бірі – "Жұмыспен қамтудың жол картасы". Осы карта бойынша 6,5 мың жоба ұсынылды, нәтижесінде 255 жұмыс орны құрылады.
Жалпы, 2020 жылы шамамен 1,2 миллион тұрғын жұмыспен қамту жоспарлануда. Бұл бастама "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы" (600 мың), "Жұмыспен қамтудың жол картасы" (255 мың) және "Нұрлы Жол", "Нұрлы Жер", "Индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекетті бағдарламасы" (364 мың) арқылы жүзеге асырылады.
Табиғат Нұрболат