Биыл 1 мыңға жуық отбасы солтүстікке қоныс аударған

1511

6 айда "Еңбек" бағдарламасы аясында 141,5 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Биыл 1 мыңға жуық отбасы солтүстікке қоныс аударған

Жыл басынан бері 1 мыңға жуық отбасы немесе 3 мыңнан аса адам оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 
2021 жылғы 6 айда "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына 347 мыңнан аса адам қатысқан. Нәтижесінде 253,6 мың адам жұмысқа орналастырылған, оның 141,5 мыңы тұрақты жұмысқа тұрған. 

"Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 12 мың адам жіберілді. 3,6 мыңнан аса адам өз ісін ашу үшін жеңілдікпен микрокредит, ал 15 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік грант алды", - деп жазылған хабарламада.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 126,7 мың адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 15,3 мың адам, жастар практикасына 11,3 мың адам, қоғамдық жұмыстарға 100,1 мың адам. 

"Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 967 отбасы немесе 3 102 адам қоныс аударды. Оның ішінде 1 346 адам еңбекке қабілетті жаста, 906 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылған, ал 60 адам кәсіпкерлікпен айналысады. 

Айта кетейік, 2020 жылы "Еңбек" бағдарламасына 649 мың адам қатысқан.  437,3 мың адам жұмысқа орналасты, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрған. 

Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілген.

Сондай-ақ 1,8 мың отбасы немесе 5,8 мың адам оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу