Еліміздің 117 қаласы мен 3 324 ауылы кең жолақты интернетпен қамтылған. Оның ішінде 3169 ауылға 3G және 4G мобильді кең жолақты интернет тартылған.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің мәлімдеуінше, былтыр 500-ге жуық ауыл кең жолақты интернетке қосылған.
"Биыл 1 мыңнан астам ауылға мобильді интернет жеткізіледі. Жер үсті коммуникацияларымен интернет жүргізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз және тұтынушылар үшін қымбат болуына байланысты біз жерсеріктер арқылы, оның ішінде One Web жаһандық жобасына жүгінеміз", – деді Асқар Жұмағалиев
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу