Биыл 10 айда 11 мыңнан астам төтенше жағдай тіркелген

566

22 мыңға жуық адам эвакуацияланып, 4 мыңнан аса жапа шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетілген. 

Биыл 10 айда 11 мыңнан астам төтенше жағдай тіркелген Фото: gov.kz

Биыл 10 айда Қазақстанда 11 мыңнан астам төтенше жағдай тіркеліп отыр. Салдарынан 570 адам көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысының халқымен кездесу барысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, Түркістан өңіріндегі жағдай тұрақты. Облыста осы жылдың 10 айында бес жүзден астам төтенше жағдай тіркелген көрінеді.

"Қаза тапқандар саны 37%-ға азайды. 300-ге жуық азамат құтқарылды және эвакуацияланды. Жалпы, облыстық төтенше жағдайлар бөлімшесі төтенше жағдай орнына 3,5 мыңнан астам рет шықты.  Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артық", - деді ведомство басшысы.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу