Биыл 11 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

699

Биылғы жоспарды орындау үшін бірқатар өңір құрылыс қарқынын күшейту керек.

Биыл 11 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Үкімет отырысында ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек тұрғын үй құрылысының дамуы туралы баяндай отырып, 11 айдың қорытындысы бойынша 11 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін, мұның 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,3%-ды құрайтынын жеткізді.

"Жалпы, еліміз бойынша 96 761 баспана, оның ішінде 37 026 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемінің артуы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 16 өңірінде жалғасуда", – деді министр.

Ал құрылыс бойынша нақты көлем индексі 103,9%-ды құрап, жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілді (жоспар – 103,6%). 13 облыста оң серпін байқалады. Дегенмен, министрдің айтуынша, жылдық жоспарды орындау үшін бірқатар өңірдің құрылыс жұмыстарының өсу қарқынын күшейтулері қажет.  

"Жалпы құрылыс бойынша жоспарланған 103,6% жылдық көрсеткішін Атырау облысында 600 млрд теңгеге, Астана қаласында 530 млрд теңгеге және Алматы қаласында 340 млрд теңгеден астам сомаға құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің есебінен орындау көзделіп отыр. Құрылыс жұмыстарының өсім қарқыны көрсеткіштеріне шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тоқсан сайын ұсынатын есептері ықпалын тигізеді. Соның есебінен әр тоқсан қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіледі", — дейді Жеңіс Қасымбек.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу