Биыл 118 мың пәтер салынады – Роман Скляр

510

Яғни 13,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынбақ.

Биыл 118 мың пәтер салынады – Роман Скляр

Биыл елімізде 118 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баяндама жасаған ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2018 жылы тұрғын үй құрылысына барлық қаржы көздерінен 1,2 трлн теңге инвестиция салынды. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 8,1 пайызға жоғары. Мемлекеттің 1 теңгесіне жеке инвестицияның 6 теңгесі тартылды. 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 12,1 пайызға жоғары. Барлығы 113,7 мың баспана салынды. Биыл біз 13,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Ол 118 мың пәтер болады",– деді ол.

Министрдің дерегінше, мемлекеттік инвестициялар есебінен 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл 27 мыңнан астам мұқтаж адамдарды баспанамен қамтамасыз етеді. 

"Биыл жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 15 мың баспана пайдалануға берілді. 5 өңірде тұрғын үйлерді ел игілігіне беру қарқыны төмендеген. Олар – Астана қаласы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары", – деді Роман Скляр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу