Биыл 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

787

1991 жылдан бері 1 миллион 82,8 мың этникалық қазақ келген.

Биыл 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды Фото: lada.kz

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 12 501 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,0%) Өзбекстаннан, 9,8% – Қытайдан, 6,8% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,4%), Маңғыстау (19,5%), Түркістан (13,8%) және Жамбыл (8,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,4%) қаласына қоныстанды.

Биылғы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 27,1%-ды және зейнеткерлер 17,6%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11%-ы жоғары білімді, 39,4%-ы орта кәсіби білімді, 45,7%-ы жалпы орта білімді және 3,9%-ның білімі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу