Биыл 12 мыңға жуық дене шынықтыру мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

637

Жыл басталғалы 1000-ға жуық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі біліктілігін арттыру курстарынан өтті.  

Биыл 12 мыңға жуық дене шынықтыру мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді Фото: voxpopuli.kz

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Білім беру бағдарламасы нормативтік-құқықтық және психологиялық-педагогикалық бағыттарды, білім сапасын арттыру жағдайында білім беру мазмұны мен әдістерін жетілдіруді, дене шынықтыруды оқытудың заманауи технологиялары және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың дене тәрбиесін қамтиды.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықовтың айтуынша, орталықтың лекторлар құрамы қалыптасқан. Тыңдаушылар сауалнамасын зерттеуден соң биылдан бастап оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілген. Оған ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу тақырыптары және ұлттық спорт түрлері бойынша оқытудың заманауи әдістері қосылды.

"Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдістері енгізілген бағдарлама дайындалды. Биыл орта білім беру ұйымдарының 12 мыңға жуық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бюджеттік негізде кәсіби біліктілігін арттырады", - деді ҰҒПДТО бас директоры Сағдат Садықов.

Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жүргізген талдау негізінде бағдарламаларға инклюзивті білім беру және практикалық дайындықты арттыру ұсынысы енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу