Биыл 12 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады

671

Министрдің айтуынша, бүгінде өңдеу өнеркәсібі саласында 110 жоба іске асырылып жатыр.

Биыл 12 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады

2021 жылы елімізде 12 мыңнан аса тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, елімізде индустрияландыру картасы аясында жалпы 2 трлн теңгеге 110 жоба іске асырылып жатыр.

"Оларда 12 мыңнан аса тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады. Өңдеу өнеркәсібін дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет өткен жылы "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасын әзірледі. Бүгінде заң жобасы Мәжілістің қарауында", - деді министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу