Биыл 120 жобаны іске қосып, 20 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған

946

Жеңіс Қасымбек ИИДМ жетекшілік ететін салаларға қатысты 2019 жылға арналған жоспарымен бөлісті.

Биыл 120 жобаны іске қосып, 20 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2018 жылы атқарған жұмыс қорытындысы мен 2019 жылдың жоспарларын айқындауға арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министр Жеңіс Қасымбек атап өткендей, 2018 жылдың қорытындысында барлық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Өнеркәсіп 4,1%-ке өсті, соның ішінде тау-кен 4,6%-ке, өңдеу өнеркәсібі 4%-ке өскен.

"Өңдеу секторындағы өсімнің негізгі драйверлері – металлургия +2,2% (соның ішінде түрлі-түсті металлургия+5,4%), машина құрастыру +14,1% (соның ішінде автомобиль құрастыру +40,4%), химия  өнеркәсібі +8,1%, жеңіл өнеркәсіп +4,4% болды. 2018 жылы жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 100-ден астам жоба іске қосылып, 13 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. 2019 жылы жалпы сомасы 1,1 трлн теңге болатын 120 жобаны іске қосып, 20 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр", – деп хабарлады министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу