Ақтөбеде 2017 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1278 салымшысы қоныс тойын тойлайды, деп хабарлайды "Ақтөбе ақпарат" орталығы.
Қазір Ақтөбеде ТҮҚЖБ салымшылары үшін 1278 пәтерлі 9 қабатты алты үй тұрғызылып жатыр. Үйлерді 2017 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2017 жылдың соңына дейін салымшылар кілттерін қолдарына алып, пәтерлеріне қоныстанады.
"ТҮҚЖБ" АҚ АОФ директоры Бауыржан Жуасбаевтың айтуынша, баспананың 1 шаршы метрі – 100000-110000 мың теңге.
Бұл нысандар өңірде инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы биліктің желісімен салынып жатыр.
Бұл дегеніңіз, шаршы метрі тек салымшылар арасында ғана емес, әкімдікте кезекте тұрғандар арасында да 50х50 қағидасымен жүзеге асырылмақ.
Айта кетейік, коммуналды тұрғын үй қорындағы баспанаға мұқтаж азаматтар сонымен қатар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің де салымшысы болуы қажет. Сонымен бірге, банкте салымды тегін ашу мүмкіндігі қарастырылған.