Биыл 13 мыңнан астам адам жұмыстан қысқартылған

1391

 Бұл өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстрғанда 1,5 есе көп.

Биыл 13 мыңнан астам адам жұмыстан қысқартылған

Елімізде қызметінен қысқартылғандар саны күрт өсті. Биылғы жылдың алғашқы 6 айында жұмыстан босатылғандар 13 000 адамнан асты. Бұл өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстрғанда 1,5 есе көп, деп хабарлайды Atameken Business.

Статистика комитетінің мамандары  мұндай тенденция алғашқы тоқсанда қатты байқалды дейді. Себебі алғашқы 3 айда жұмыссыз қалғандар 9000 адамды құраған. 

Айта кеткен жөн, қызметкерлерін қарамағында 500 ден астам жұмыскері бар ірі компаниялар қысқартқан. Қысқарту жағынан алдыңғы қатарда Алматы қаласы тұр. Одан соң Маңғыстау, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу