Биыл 138 мың отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарады – Әлихан Смайылов

530

Биыл болжам бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Демек 138 мың отбасына тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Биыл 138 мың отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарады – Әлихан Смайылов

Баспана кезегінде тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу "бір терезе" қағидаты бойынша бір орталықтан, ашық түрде жүргізіледі. Оның негізгі операторы – Отбасы банкі.

"Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмдері әзірленді. Онда арендалық төлемді субсидиялау және ауылдық жерлерде тұрғын үй салу сияқты қолдау шаралары бар. Биыл жаңа механизмдер есебінен 70 мың азаматқа үйді жалға алу үшін субсидия беру және ауылдық жерлерде 2,8 мыңға жуық адамды жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған", – деді Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу