Биыл 14 мемлекеттік қызметші Түркияда тағылымдамадан өтті

242

Осы жылдың екінші жарты жылдығында бұл жұмыс жалғасады.  

Биыл 14 мемлекеттік қызметші Түркияда тағылымдамадан өтті Фото: Ақмешіт жастары

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдармен қатар ұлттық компаниялар мен мемлекеттік емес сектор кәсіпорындарда да тағылымдамадан өте алады.

"Осы күнге дейін мұндай тағылымдамадан 329 мемлекеттік қызметші өтті. Олардың шетелдік тағылымдамадан да өту мүмкіндігі қарастырылған. Мәселен, биылғы мамыр айында Мемлекеттік басқару академиясы мен Түркия Республикасы Президенті жанындағы кадрлар басқармас арасында жасақталған меморандум аясында 14 мемлекеттік қызметші Түркияда тағылымдамадан өтті. Осы жылдың екінші жарты жылдығында да бұл жұмыс жалғасатын болады. Қазіргі кезде тағылымдамадан өтетін мемлекеттік қызметшілердің тізімі анықталып жатыр", - деді Азамат Жолманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу