Биыл 147 мыңнан астам балаға қызылшаға қарсы екпе егілді

1110

Биылғы жылғы 1 сәуірден бастап 9 айлық балаларды қосымша вакцинациялау жүргізілуде. 

Биыл 147 мыңнан астам балаға қызылшаға қарсы екпе егілді

Балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан сапалы вакциналар сатып алынады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

Людмила Бюрабекова Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы күрес бойынша бағдарлама иммундық-профилактика арқылы іске асырылатынын да атап айтты.

"Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайды денсаулық сақтау министрлігі тұрақты бақылауға алып отыр. Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, 17 мыңнан астам байланыста болған адам қызылшаға қарсы егілген", – деді Людмила Бюрабекова.

Айтуынша, қабылданып отырған шаралар сырқаттанушылықтың динамикасын төмендетуге мүмкіндік берді. Мысалы, шілдеде қызылшамен сырқаттанушылық 2019 жылғы наурызбен салыстырғанда 3,4 есеге (1984 жағдайдан 586 жағдайға дейін) төмендеді.

"Қызылшамен сырқаттанушылық 1 жасқа толмаған егілмеген балалардың арасында көп тіркелетінін ескере отырып, биылғы жылғы 1 сәуірден бастап 9 айлық балаларды қосымша вакцинациялау жүргізілуде. 147 мыңнан астам бала егілді. Бұдан басқа, 72 мың медицина қызметкері егілді", – деп хабарлады комитет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу