"Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, өнімділік гектарына 10,1 центнер болғанда, дәнді дақылдың болжамды жалпы түсімі шамамен 16 млн тоннаны құрайды", – деді министр.
Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, өткен жылдардың ауыспалы қалдығын есепке алғанда дәнді дақыл өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Жаңа маусымда дәстүрлі түрде қазақстандық бидай мен ұн Орта Азия елдеріне, Иранға, Ауғанстанға жіберіледі Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға жөнелтілетін бидай (HI-Pro) көлемі артуы ықтимал", – деді министр.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу