Биыл 160-қа жуық ауылда интернет сапасы жақсарады

973

Өткен жылы мобильді байланыс операторларына 132 млн теңге айыппұл салынған.

Биыл 160-қа жуық ауылда интернет сапасы жақсарады

2022 жылы елдегі 160-қа жуық ауылда интернет сапасы жақсарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алқа отырысында өткен жылдары атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алда атқарылатын міндеттер нақтыланды. 

"Былтыр 611 елді мекенде мобильді интернеттің сапасы жақсартылды. Ал биыл 157 ауылда интернет сапасын арттыру жұмысы жоспарланып отыр. 2021 жылы ЦДИАӨМ мамандары байланыс сапасы бойынша 562 тексеріс жүргізіп, бекітілген параметрлерді бұзғаны үшін байланыс операторларына 132 млн теңге айыппұл салынды. Осыған байланысты 2022 жылы сапасыз байланысқа айыппұл көлемін 1500 ЕАК (4 млн 594 мың 500 теңге, 1 АЕК – 3 мың 63 теңге) дейін көтеру жоспарда бар", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ бүгінде Каспий теңізінің түбінде талшықты оптикалық байланыс желісін салу жұмыс қолға алынған. Бұл елімізді Еуразия орталығындағы цифрлық хабқа айналдыру жолындағы маңызды жобалардың бірі болып саналады.

"Өткен жылы еліміз +997 телефондық кодын резервке алған, бірақ әлі +7 аймағында қалу мүмкіндігі бар. Осы бағытта ЦДИАӨМ мамандары ресейлік тараппен және халықаралық электрбайланыс одағымен тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу