Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

1034

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов биыл қанша баспана пайдалануға берілгенін баяндады. 

Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады Фото: Максим Морозов

Министрдің мәлімдеуінше, қаңтар-сәуір аралығында барлық салада оң көрсеткіш тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биылғы төрт айдың қортындысы бойынша машина жасау саласында 120,6% өсім болды. Түсті металлургияда оң динамика сақталып, өсім 3% болды. Қара металлургия бойынша нақты көлем индексі 102,7% құрады. Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 26,2%-ға артты. Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 4,9% өсті. Дезинфекциялық құралдар мен минералдық тыңайтқыштарға сұраныс артуына байланысты химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі артты. Өсім 11,2% құрады. Құрылыс материалдарының өндірісі 126,5% болды", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Министрдің айтуынша, биыл 28 874 баспана пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш Алматы, Павлодар облыстарынан басқа 15 өңірде оң болған. 

"Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр", –  деді Бейбіт Атамқұлов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу