Биыл 17 жоғары оқу орнын жабу кезекте тұр

609

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәліметінше, осыған дейін елімізде 30-ға жуық жоғары оқу орнының лицензиясы кері қайтарылды. 

Биыл 17 жоғары оқу орнын жабу кезекте тұр Фото: yvision.kz

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сапасыз білім беретін жеке жоғары оқу орындарының лицензиясын кері қайтару жұмысын жалғастырып жатырмыз. Бұл кезінде Асхат Аймағамбетов қолға алған бастама, жұмыс жүйелі болды. Осыған дейін 30-ға жуық әлсіз, сапасыз, дипломды бизнеске айналдырған жоғары оқу орындарының лицензиясы күшін жойды. Былтыр 15 ЖОО жабылса, биыл 17 жоғары оқу орны кезекте тұр. Яғни олар біздің тексеруімізде", - деді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу