Бүгін Қазақстанның барлық мектебінде Соңғы қоңырау рәсімі екі жылдық карантиннен кейін дәстүрлі түрде өтеді. Білім министрлігінің мәліметінше, биыл 170 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады, деп хабарлайды Atameken Business.
Оның 8 мыңнан астамы "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткер. Ал аттестатты салтанатты тапсыру рәсімі 16-17 маусымға жоспарланып отыр.
2022-2023 оқу жылында мемлекеттік грант көлемі 88 мыңнан асады. Оның ішінде бакалавриатқа – 73 мың берілсе, оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу