Биыл 18,4 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды - министрлік

537

Оларға 4 млрд 448,6 млн теңге төленген.  

Биыл 18,4 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды - министрлік Фото: elorda.info

1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 855 кәсіпорнында 19,7 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 670,2 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 865 нұсқама беріліп, 140,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд 448,6 млн теңге төленді", - делінген министрлік мәліметінде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу